Павлодар көшелері жарқырай түседі

Мыңнан астам прожектор орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында барлығы 335 көше мен 610 аула аумағы бар.
Бүгінгі күні келесі көшелер жарықсыз қалуда: Ә. Бөкейхан көшесі (Толстой көшесінен Ақ. Шөкин көшесіне дейін), Путейская көшесі (Ак. Бектұровтан-Сормовоға дейін), Орталық индустриялық аймақ көшесі («Жана Роса» және «Павлодармолоко» ЖШС) және Аймауытов көшесінің бойында (Жібек Жолы көшесінен Архангельская көшесіне дейін). Биыл бұл көшелерге жарықтандыру орнатуды жоспарлануда.
Нұрмағанбетов, Толстой, Ак. Шөкин, Мәшһүр Жүсіп және Катаев көшелерінде қосымша екі жақты жарықтандыру қосылады.
Барлығы 1030 прожектор орнатылады. Сонымен қатар 50 балалар ойын алаңына қосымша жарықтандыру қосу жоспарда бар.