Павлодарда жеңіл көлік пен ГАЗель соқтығысты

Павлодарда жеңіл көлік пен ГАЗель соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Көліктердің біреуі аударылып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қыркүйек сағат 07:30 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің қиылысында «Audi 80» жеңіл көлігі мен «ГАЗель» жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көлігі аударылып қалған.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмек қажет болған жоқ, – дейді департаментте.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.