Әуежай маңында драйв: Павлодарда төрт жігіт жазаланды (ВИДЕО)
Оларға жалпы 38 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде бірнеше көлік жүргізушісінің жол ережелерін бұзған бейнежазбасы жарияланғаны анықталды. Аталған бейне бойынша полиция тексеру жүргізген.
Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары сағат 15.30-да әуежай ауданында Mercedes (лимузин), BMW, Chevrolet Cobalt және Hyundai маркалы төрт автокөліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.
– Құқық бұзушылардың барлығы анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған, жол жиегіндегі қозғалыс, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамаған жүргізушілер жазаланды. Сонымен қатар барлық әрекеттерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырған жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Жалпы 38 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді департаментте.
Айта кетейік, биыл облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 96345 фактілерінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram