Павлодарда қоршау мен шаруашылық құрылысы жанып кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22.38-де «101» пультіне Абай көшесі, 135 мекенжайы бойынша шаруашылық құрылысы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Тілсіз жауды ауыздықтауға төрт техника мен 14 адам шықты. Оқиға орнына жеткенде 30 шаршы метр аумақта қоршау мен шаруашылық құрылысы жанғаны анықталды. Өрт сағат 23.21-де сөндірілді, – деді департаментте.
Өрттің шығу себебі анықталуда.