Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады

Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады
Фото: pixabay.com / dimitrisvetsikas1969

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 7:00-ден 2 тамыз сағат 7:00-ге дейін Малая объездная көшесінен Большая объездная көшесіне дейін Циолковский көшесі жабылады.

ТҮКШ бөлімі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.