Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Торайғыр көшесі, 77 («Биосфера» дәріханасы, «Ривьера» кондитерлік дүкені, «Ева» сұлулық орталығы);
- Едіге би көшесі, 75/1, 76 («Фантазия», «У камина» кафелері, Fix Price), 77;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 4, 4/1 («Top Star» фитнес студиясы, «Efes» банкет залы, «25» дүкені).