Павлодарда жүк көлігінің жарылған дөңгелегінен ТҚК станциясының қызметкері қаза тапты
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мәліметінше, ер адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.
– Алдын ала ақпарат бойынша, жүк көлігінің дөңгелегін үрлеу кезінде шина жарылып кеткен. Соның салдарынан техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері өмірімен үйлеспейтін жарақат алған, – деді ведомство басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
Департамент жазатайым оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді.