Павлодардың бірнеше тұрғын үйінде жарық болмайды

Қаланы қысқы мерзімге дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр жарығы сөндіріледі:
- Ак. Сәтбаев көшесі, 255 – Bereke bank, 304/1 – «Auto light» автожарық дүкені, 257-334;
- П. Васильев көшесі, 3 – Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы;
- Гагарин көшесі, 2/3, 2/4;
- Ак. Марғұлан көшесі, 317-350;
- Заводской тұйық көшесі;
- Ак. Сәтбаев – П. Васильев – Водников – Ломов көшелерінің алаңындағы жеке тұрғын үйлер.