«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қорына жаңа басшы келді
Ол бұл лауазымға дейін облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің шешімімен Дәурен Жамбайбек басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Дәурен Жамбайбек 1981 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, 2023 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.