Павлодарда Қазақстанның үздік тауарларының байқауы өтеді

Павлодарда Қазақстанның үздік тауарларының байқауы өтеді
Фото: Константин Шелков

Республикалық байқау-көрменің облыстық кезеңі 12 шілдеде сағат 10.00-13.00 аралығында «Крендель» банкет залында өтеді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, көрмеге жергілікті 50 компания қатысады.

«Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесі үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинация бойынша үш орын беріледі.

Жергілікті тауар өндірушілер – тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері. Шарада заманауи жоғары сапалы жиһаз, азық-түлік, киім-кешек шығаратын компанияларды көруге болады.