Павлодарда қазіргі қоғамда әйелдердің алатын орны туралы көрме ашылады
Көрме С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 11 наурыз күні сағат 12:00-де «Айна» галереясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ray Shaly» атымен танымал павлодарлық суретші Андрей Оразбаевтың «ZEIT» атты жеке көрмесі ашылады.
– Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында көрмеге суретшінің коллаж техникасында жасалған 15 жұмысы қойылады. Суретшінің жұмыстары көрермендерге маңызды тақырыптарды, мысалы, қазіргі уақыт бізге қандай ережелерді талап ететіні және қазіргі қоғамда әйелдердің алатын орны туралы ой туғызады, – деді кітапханада.
Көрме 28 наурызға дейін жалғасады. Кіру – тегін.
Андрей Оразбаев 1963 жылы 2 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Суретші, график, Ресей суретшілер одағының халықаралық федерациясының мүшесі және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Көптеген қалалық, облыстық, республикалық халықаралық көрмелердің қатысушысы.
Суретшінің жеке көрмелері Павлодарда, Санкт-Петербургте, Солтүстік Кипр Ислам өнері мұражайында (Никосия, Кипр) өткен.