Павлодарда ұлттық өнер ұлықталды

Павлодарда ұлттық өнер ұлықталды
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Шара «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен мәдени шара ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға үлес қосып жүрген қоғам өкілдерінің, соның ішінде мәдениет саласының өнерпаздары мен белсенді азаматтардың басын қосты.

Кешке филология ғылымдарының кандидаты, ақын, доцент

Серік Елікбай мен «Кербез» тобының жетекшісі, Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық оркестрінің әртісі Өркен Қайыргелдіқызы арнайы қатысты.

«Ұлттық мұра» жобасына келгендер домбыраның қоңыр үніне елітіп, өлең-жырмен сусындап, жас ақындардың рухты жырларын тыңдады. Мәні мен мағынасы үйлесім тапқан кешке келген көрермен ұлттық рухты оятқан тағылымды кештің куәсі болды.

Ұйымдастырушылар аталмыш жоба ұлттық мәдениетті қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыра отырып, мазмұнды диалогқа арналған маңызды алаң ретіндегі миссиясын жалғастырып келе жатқанын атап өтті.