Павлодарлық саябақта шығыс мерекесі өтті

Павлодарлық саябақта шығыс мерекесі өтті
Фото: Достық үйі ұсынды

Оны үш этномәдени бірлестік ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өзбекстандық «Кележак Авлод» орталығы, тәжікстандық «Ситораи Сомон» және «Қырғызстан» орталықтары достарын дәстүрлі «Біз бір отбасында тұрамыз» жазғы фестиваліне шақырды.

Карнавал мен фанфардың үні мерекеге жиналғандардың көңіл-күйін бірден көтерді. Қазақ биінен кейін тәжік, өзбектің «Келін салом» ырымы көрсетілді.

Алтынмен кестеленген қардай аппақ ұлттық киім киген бойжеткен жаңа отау мүшелеріне, барша қонақтарға иіліп, құрмет көрсетті.

Бұл үш этномәдени бірлестік 2013 жылдың желтоқсан айында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына енді. Олардың басты мақсаты – ана тілін оқып-үйреніп, халқының салт-дәстүрін сақтау ғана емес, Қазақстанда мекендейтін барлық этностарды қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныстыру.

Балалардың көңілінен шыққан мерекелік бағдарламада жылдамдыққа қауын жеп жарысу және нысанаға – қарбызға жебе лақтыру ұйымдастырылды. Жолақты жемістер көптеген ұлттық ойындардың жеңімпаздарына жүлде ретінде ұсынылды.

Дәстүр бойынша шығыс мерекесінде қонақтарға 200-ден астам порция палау әзірленді.

«Біз бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі тамыз айының соңында аяқталады.