Павлодарда өрт кезінде екі адам зардап шекті

Павлодарда  өрт кезінде екі адам зардап шекті

Одан бөлек, 7 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 2023 жылғы 14 ақпанда сағат 13:07-де «101» пультіне Олжабай батыр көшесі, 54/1 мекенжайы бойынша 1-кіреберісте түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары оқиға орнына келгенде үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаз жанып жатқанын анықтады. Өр алаңы 15 шаршы метрді құраған. 

– Құтқарушылар үшиінді сатыны орнатып, пәтер иесін алып шығып, «103» қызметіне тапсырды. Сондай-ақ осы саты арқылы екінші адам құтқарылып, ол апаттық-медициналық орталығына тапсырылды, – деді департаментте.

Жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен 30 және 32 жастағы екі ер адамды күйік шалған және түтінмен уланған. Ер адамдар №1 қалалық ауруханасына жатқызылған.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 7 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала бар.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 қызметкері және 7 техника қатысты. Өрт сағат 13:40-та жойылды.