Павлодарлық отбасы алаяқтарға көмектескен

Павлодарлық отбасы алаяқтарға көмектескен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар арқылы 200 мыңнан астам алаяқтық қоңырау шалынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілген.

– Жалдамалы пәтерден әрқайсысында сегіз слоты бар бес SIM-box құрылғысы табылды. Оларда қазақстандық ұялы байланыс операторларының SIM-карталары орнатылған. Бұл құрылғылар республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге пайдаланылған. Сонымен бірге төрт роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 SIM-картасы тәркіленді. Ұсталғандардың міндеті – құрылғылардағы SIM-карталарды тұрақты түрде ауыстырып отыру болған, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Тергеу жалғасуда. ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып, интернет-алаяқтармен күресті белсенді жалғастыруда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталып, интернет-алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қойылды.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелері 28 интернет-алаяқты, SIM-box құрылғыларын қолданған 3 «операторды» ұстап, 7 SIM-box құрылғысы мен түрлі ұялы байланыс операторларының 285 SIM-картасын тәркіледі.