Павлодарда өртке оранған үйден 12 литрлік газ баллоны шығарылды

Павлодарда өртке оранған үйден 12 литрлік газ баллоны шығарылды
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 101 пультіне сағат 12:11-де Қамзин көшесінде орналасқан жеке тұрған жер үйдің жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. 

- Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер 3 бөлмелі үйдің 60 шаршы метр аумағында төбе жабындысы мен 30 шаршы метр көлеміндегі үй ішіндегі заттар, жиhаз бен тұрмыстық техниканың жанып жатқандығын анықтады, - делінген хабарламада. 

Өрт кезінде үйдің төбесі ішінара құлап, көлемі 12 литрді құрайтын 1 газ баллоны шығарылды.

Өрт сөндіру қызметінің жауынгерлері өртті 13 сағат 22 минутта толықтай жойды. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның  38 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталуда.