Ақтоғай ауданының бір ауылында медициналық пункт ашылды

Ақтоғай ауданының бір ауылында медициналық пункт ашылды
Фото: Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бұған дейін ауылда медициналық мекеме болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шілікті ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

– Ауыл аудан орталығынан 112 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған дейін мұнда медициналық мекеме болмаған. Медпункт заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген: дефибриллятор, электрокардиограф, ингаляциялық терапияға арналған аппарат, кварц шамдары және алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен шұғыл медициналық қызмет көрсетуге қажетті басқа да құралдар орнатылған, – делінген хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, бұл – ауылдық медицина мен халық денсаулығына деген қамқорлықтың айқын көрінісі.