Шарбақты ауданында өрт сөндіру бекеті салынады

Шарбақты ауданында өрт сөндіру бекеті салынады
Фото pixabay.com\automatic6517

Облыста жалпы жыл бойы жұмыс істейтін осындай 75 пост бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймерденов мұндай посттарды мемлекеттік өртке қарсы қызметке балама деп атады.

Олар өртті бастапқы сатысында жылдам оқшаулауға арналған. Өрт сөндіру бекеттерін жергілікті атқарушы органдар құрады, олар да қаржыландырады.

–   Біз посттарды құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, радиостанциялармен, құрал-саймандармен, жауынгерлік киімдермен, өрт сөндіру шлангілерімен және саптамалармен қамтамасыз етіп, оларды пайдалануды үйретеміз, – деді Қайрат Шаймерденов.

Сондай-ақ, ол Төтенше жағдайлар министрлігі қолға алған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы ауылдарды төтенше жағдайдан қорғауға көмектесетінін айтты.

Әрбір өрт сөндіру бекетінде кемінде екі адам болуы керек, олар жергілікті атқарушы органнан жалақы алады. Биыл мұндай бекетті Шарбақты ауданындағы Орловка ауылында ашу жоспарлануда.

Айтпақшы, «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға ерікті өрт сөндіру жасақтарына сыйақы төлеуді қарастыратын өзгерістер енгізілмек.

Еске сала кетейік, биыл облыста үш жүзден астам саяжайды өрт шарпыды.