Павлодарлық жас суретшілер Новосібірде жүлдеге ие болды
Байқаудың тақырыбы жануарлар мен құстарға арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
VI халықаралық «Ушки да лапки» балалар көркемсурет көрме-байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 177 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды.
Көрме-байқау қорытындысы бойынша 5-12 жас аралығындағы мектептің 10 оқушысы байқаудың жүлделі орындарына ие болды. Олардың шығармаларында негізінен шығыс үлгісіндегі бірқазандар мен түйелер бейнеленген. Үш оқушы Ярослава Гребенкина керамикадан жасаған – «Түйе», Виталина Рыкова гуашьтан жасаған – «Ата-баба мұрасы», Анель Бейсембаева «Көлемді коллаж» техникасындағы «Қобыз» жұмысы үшін I дәрежелі лауреаттар атанды. Педагогтері – Алексей Балин, Екатерина Одарчук, Светлана Рейн.
II дәрежелі лауреат атағын София Победоносова гуашь техникасындағы – «Пеликан жейді», Полина Траут – «Түйе», Ксения Мельникова гуашь техникасындағы «Жұмбақ шығыс елі» жұмысы үшін марапатталды. Педагогтері – Гүлнар Мұхаметкалина, Инна Масленникова, Светлана Рейн.
Байқаудың төрт оқушысы – Яна Титченко түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Қорқыт туралы аңыз», Ксения Рудько керамикадан жасалған – «Түйе», София Одарчук гуашьпен жасалған – «Туған өлке», Лилия Клюйко гуашь техникасында орындалған «Менің түйем» жұмысы үшін дипломант атанды. Педагогтері – Анжелика Бамбуляк, Алексей Балин, Екатерина Одарчук, Гүлнар Мұхаметгалина.