Павлодарда өткен балалар байқауына қатысты шуға ұйымдастырушылар жауап берді

Павлодарда өткен балалар байқауына қатысты шуға ұйымдастырушылар жауап берді

Қала тұрғындары өздерінің наразылықтарын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22 сәуірде Павлодарда өткен "Samgau" республикалық балалар музыкалық байқауының жас қатысушыларының ата-аналары байқаудык ұйымдастырылуына наразылықтарын білдірген-ді. Айтуларынша, балалары суық залда киім ауыстырып, өз өнерін көрсету үшін сағаттап күтуге тура келген. Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар балалардың өз музыкасын қоймай әуреге салғаны былай тұрсын, тіпті, қателіктер марапаттау кезінде де орын алған. 

- Балалардың өнеріне деген көзқарас дұрыс емес. Ұйымдастырылған шараға қарап жағаңды ұстауға болады. Балаларымыз қатты шаршады, - деп ренжіген деп ата-ана өз талаптарын облыстық мәдениет басқармасына жолдады.

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырылған байқаудың өздеріне қаиысы жоғын, әрі оны жеке тұлғаның ұйымдастырғанын айта келе ата-аналар мен балалардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады. 

Мұндай жағдайға жол бермеу мақсатында ата–аналар мен балалардың заңды өкілдеріне бұдан былай мұқият болуды, ұйымдастырушылар мен түрлі деңгейдегі байқаулардың өткізу шарттарын зерделеуді сұраймыз, - деп атап өтті басқарма.

Кейінірек ата-аналардың талаптарына ұйымдастырушылардың өздері жауап берді. Бұл "Білім" және мәдениетті дамыту МДҚ қоғамдық қоры болып шықты. Қор басшысы Жанат Сарбасов кешірім сұрап, кемшіліктердің себептерін түсіндірді.

- Байқаудың бірінші кезеңі созылып кетті. Осыған байланысты біз уақытымызды тиімді жұмсай алмадық. Кемшіліктер үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Сондай-ақ, мәдениет басқармасы да, білім басқармасы да, Естай атындағы МҮ де, әсіресе Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның да бұл байқауға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткім келеді. Бұл шараны біздің қордың ұйымдастырды. Облыстық филармония қызметкерлері және басқалары бос уақытында және шарттық негізде қазылар алқасы ретінде шақырылды. Біз байқау ережесінде көрсетілген шарттарды орындадық деп ойлаймын. Жеңімпаздарға сол күні медальдар мен кубоктар табыс етілді. Қатысушыларға дипломдар дайындалды. Өкінішке қарай, техникалық себептерге байланысты екі ұжымға дипломдар берілмеді, - деді Жанат Сарбасов.

Алайда кейінірек диплом ала алмаған барлық балалар мен шығармашылық ұжымдардың басшылары оларды алғанын айтты.