Ұлттық тренд: Павлодарлықтар шашбау мен сәукеле жасауды үйренді

Ұлттық тренд: Павлодарлықтар шашбау мен сәукеле жасауды үйренді
Фото: Есенжол Исабек

Жастардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығы белсенді өсуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтіледі. Жастар орталықтары «Ұлттық киім тренд» акциясын ұйымдастырды, ал оның қатысушылары ұлттық киім киіп, тақырыптық бейнероликтер түсірді. 

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің ақпараты бойынша, тілек білдірушілер ұлттық қазақ стилінде тоқуды немесе садақ атуды үйрене алады.

– Жастар тренд орната отырып, ұлттық киімді белсенді түрде насихаттап, оның мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретіндегі бірегейлігін атап көрсетеді, – дейді бөлім басшысы Жаннұр Ахметжанова. –Акцияға аға буын да қосылды. Қатысушылардың жалпы саны 20 мыңнан асты.

Ұлттық киім күні өңірдің жастар бастамалары орталықтарында шашбау жасау, сәукеле тігу, сондай-ақ ұлттық қамзолдар жасау бойынша шеберлік сабақтар өтті.