Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы челлендж жолдады
Бұл челлендж мерейтой иелерін көпшілік арасында кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл мерейтой иелерін таныту, дәріптеу мақсатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқанның бастауымен «Ұлыларды ұлықта» атты облыстық челленджі жолданды.
– Ертіс-Баян өңірі – ежелден ел руханиятының ұйытқысы болған еңселі мекен. Биыл өңірімізде марғасқаларымыздың мерейтойлары аталып өтіледі. Осыған орай челленжді тұлғаларымыздың өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында бастадым, – дейді Медет Тауысқан.
Бұл бейнежазбада басқарма басшысы Сәбит Дөнентаевтың шығармасынан үзінді оқыды. Ол челленджді өңіріміздің әр елді мекен, қала, аудан және ауыл тұрғындарына жолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram