Сәрсенбі күні Павлодар облысында күн ашық болады

Сәрсенбі күні Павлодар облысында күн ашық болады

26 сәуір күні жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.