Павлодарлық оқушылар шыңға өрмелеуден сынға түсті

Павлодарлық оқушылар шыңға өрмелеуден сынға түсті
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Шеберлік сағаты Phenomenon.Жаз@pvl жазғы жобасы шеңберінде экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының шыңға өрмелеу алаңында өткізілді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, шараға Б. Момышұлы атындағы, № 17, 25 мектептердің мектеп жанындағы лагерьлерінің 50-ден астам оқушысы қатысты.

– Мен бірінші рет қатысып отырмын. Шыңға өрмелеудің әртүрлі жолдарын еңсеру үшін өзімді сынап көргім келді, өйткені  бұл әдістер күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл шыңдарды бағындырудың қызықты әлемі, – деп Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 3-сынып оқушысы Камила Ақжігітова өз әсерімен бөлісті.

Шеберлік сағатын қосымша білім беру педагогі Рустам Кенжинның жетекшілігімен туризм бойынша республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары – № 39 ЖОМ 4-сынып оқушысы Даниил Алехин,  № 9 ЖОМ 7-сынып оқушысы Әсем Имангазина, № 9 ЖОМ 8-сынып оқушысы Екатерина Воробьева өткізді. Қатысушылар туристік жабдықтармен, ережелермен танысты. Жылдамдыққа өрмелеу техникасы бойынша сабақтар өткізілді.