Павлодарлық шаңғышы Универсиада жолына шықты
Елизавета Толмачева қазақстандықтар арасында үшінші келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Туринде Праджелато План жерінде он шақырымдық шаңғы жарысы аяқталды. Әйелдер арасындағы финалда павлодарлық Елизавета Толмачева сынға түсті. Шаңғышы мәреге 32:11,1 уақытымен 45-ші болып келді және жарыс көшбасшысы поляк Изабелла Марчижден төрт минуттан астам артта қалды.
Павлодарлық қазақстандықтар арасында үшінші көрсеткішті көрсетсе, отандастарымыз арасынан 20-шы нәтижемен Лаура Қыныбаева үздік болды. 17 қаңтарда Универсиадада шаңғышылар спринтте сынға түседі.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орында келеді. Ұлттық құрама қоржынында екі алтын, үш күміс және бір қола медаль бар. Француздарда да алты медаль, бірақ алтын саны бойынша қазақстандықтардан екі жүлдесі артық. Жеті медалі бар немістер екінші орында.