Павлодарлық конькиші ел біріншілігінен жүлдемен оралды

Павлодарлық конькиші ел біріншілігінен жүлдемен оралды
Фото: shvsm_pav

Жүлделердің ішінде алтын да бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасы Кубогының үшінші кезеңі өтті, оған Павлодар облысының ЖСШМ спортшылары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша, 1000 метр қашықтықта Арина Ильященко алтын алса, 3000 метр қашықтықта Андрей Зуев екінші орынды жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, Италияда өткен конькимен жүгіру спортынан юниорлар арасындағы Әлем Кубогы өткен болатын. павлодарлық конькишілер бұл жарыста күміске қол жеткізген еді.