Еліміздің жүз биатлоншысы Павлодарда күш сынасады
Үздік командалар ерекше жүлдеге ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 12:00-де «Grand Tour Biathlon» биатлонынан балалар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының ашылуы өтеді.
Еліміздің 8 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
– Жеңімпаздарды ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтар күтеді, мысалы, спринт және жеке жарыс көшбасшылары үшін әр кезеңнен кейін көшбасшының аралық, атаулы жейдесі, маусымның жалпы көшбасшысының сары жейдесі және жарыс дизайнымен жеңімпаздың атаулы Кубогы, – дейді ұйымдастырушылар.
Сондай ақ, үздік 3-5 команда балалар құрал-жабдықтарын сатып алуға ақшалай сертификаттар алады және 2008-2010 жылы туған үздік спортшылар рейтинг қорытындысы бойынша 10-15 сәуір аралығында Норвегияға және 2024 жылғы желтоқсанда Словенияға Sport Camp IBU фестиваліне жолдама алады.
Жарыс бағдарламасы:
- 18 ақпан – келу күні;
- 19 ақпан – ресми жаттығу;
- 20 ақпан – спринт;
- 21 ақпан – жеке жарыс;
- 22 ақпан – демалыс күні;
- 23 ақпан – эстафета;
- 24 ақпан – кету күні.
Соңғы кезеңнің жеңімпаздары көшбасшының аралық, қызыл жейдесінен басталады.
Өтетін орны: Шаңғы базасы, Усолка көшесі, 2А.