Павлодарлықтарға жұмыс табуға жәрдем етіледі

Павлодарлықтарға жұмыс табуға жәрдем етіледі
Фото: pexels.com

Жұмыс іздеп жүргендерге бос жұмыс орындары ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

26 қарашада сағат 15:00-де Ак.Бектұров көшесі, 115 мекенжайындағы Мансап орталығында 18 жастан бастап жұмыссыз жастар санаты үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмыссыздарға, оның ішінде кәсіптік оқу орындарының түлектеріне жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс орындарын білікті мамандармен толықтыруға көмектесетін тиімді тетіктердің бірі.