Павлодарда жүкті әйел диспечтердің көмегімен босанды

Павлодарда жүкті әйел диспечтердің көмегімен босанды
Фото: Константин Шелков

Әйелді жұбайы босандырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

103 диспетчері перзентханаға барар жолда 35 жастағы әйелге босануға көмектесті.

Медициналық топ келгенге дейін жедел жәрдем қызметкері босануды өз бетінше қабылдай алатын босанған әйелдің жұбайына нұсқау берді.

Облыстық жедел жәрдем станция мәліметінше, 103 пультіне шұғыл қоңырау 21 сәуірде таңғы алтыда келді. Желінің ар жағындағы ер адам перзентханаға жұбайын әкелгенін түсіндірді. Омбы тас жолындағы Береговое ауылынан шыққан жолда әйелдің суы кетіп, толғақ басталған. 

Диспетчер жақын маңдағы медициналық бригаданы сол жерге жіберіп, жұбайына босануды қалай қабылдауға болатыны туралы нұсқау бере бастаған. Нәтижесінде жедел жәрдем қызметі келгенінен екі минут бұрын салмағы 3,5 килограмм және бойы 52 сантиметр ер бала дүниеге келді. Медициналық топ жылу тізбегін сақтап, анасын баласымен бірге облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

– Бұл біздің қызметіміз, биыл дәл осындай әдіспен жолда, үйде 8 сәби дүниеге келді- Осы жағдайлардың барлығында дерлік «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды. 103 жұмысында уақыт өте маңызды. Сондықтан, барлық қиын жағдайларда диспетчерлер қоңырау арқылы медициналық топты жіберіп, телефонды қоймайды, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.