Павлодарда жүзге жуық тұрғын ірі кәсіпорындарға шақырту алды

Павлодарда жүзге жуық тұрғын ірі кәсіпорындарға шақырту алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Олар бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілермен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жуырда Павлодар қаласының «Мансап» орталығы филиалы «ERG Сервис орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, 172 жұмыс іздеуші қатысқан жеке бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

- Іс-шара барысында 84 жұмыс іздеуші түйіндеме толтырып, одан әрі ынтымақтастық үшін «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «ERG Service» ЖШС, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ кәсіпорындарына шақырылды, - делінген хабарламада.

Жұмыс берушілер тарапынан газбен кесуші, тауартанушы, аспаз, электр дәнекерлеуші, слесарь-жөндеуші, электромеханик, токарь, жол монтері және басқа да бос мамандықтар ұсынылды.