Павлодарлықтар өз көлігінің тарихын тексере алады

Павлодарлықтар өз көлігінің тарихын тексере алады
Фото: pixabay.com

Ол үшін арнайы қызмет шығарылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Енді автожүргізушілердің көлікке иелік ету тарихы туралы ақпаратты  eGov.kz порталындағы «Көлік тарихы» сервисі арқылы тексеру мүмкіндігі пайда болды. 

Қызмет ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

«Көлік тарихы» сервисі шығарылған жылы, қосымша орнатылған жабдықтың бар-жоғы, автомобильдің Қазақстанда тіркелген күні, бұрынғы иелерінің саны туралы ақпаратты ұсынады.

Ақпаратты алу үшін көліктің нөмірі және техпаспорттың нөмірі жеткілікті. Оны eGov.kz порталында тіркелгеннен кейін енгізу қажет.

Сервис арқылы пайдаланушы ықтимал сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысып, бірқатар мәселелердің алдын ала алады.