Павлодар облысында өтеусіз гранттар беріледі
Өтінімдер үш күн ішінде қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар беріледі. Конкурс нысаны ашық түрде өтеді.
Өтінімдер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің KEZEKTE.KZ веб-порталында беріледі. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін pred_obl@mail.ru поштасына ұсынады. Байланыс телефоны: 8 (7182) 32-33-82
Өтінімдер 15 қазаннан 17 қазанға сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін ұсынылды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.