Павлодарлық филармония тегін концертке шақырады

Павлодарлық филармония тегін концертке шақырады

Басталуы – 8 наурыз күні, сағат 15.00-де, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы  өңірдің сүйкімді қыз-келіншектері мен ақжаулықты аналарын және оларға серік болып жүрген барлық азаматтарды мерекелік концертті тамашалауға шақырады. 

– Билеттің орнына кірген кезде тек жақсы көңіл күй мен күлімсіреген жарқын бейнеңіз болса жеткілікті, – дейді ұйымдастырушылар. 

Бағдарламада солистер Дәуренбек Слямғали, Жанболат Байсолтан, Ризахан Қабиев, Алмас Мұқатай, Серік Рысбек, Мадияр Бақтияров, Қуандық Кенжебек, Анель Қанатова, Шолпан Ақылбек, музыканттар Андрей Соловьев пен Еркебұлан Алдабергенов, «Нұр» би ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.