Павлодарлық кітапханашылар қайырымдылық жасады
Олар өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылықты әдетті бағдарламаға айналдыру, позитивті және сәнді ету мақсатында «Көктемнің мейірімділік қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
– Наурыз мейрамын мерекелеу бағыттарының бірі – «15 наурыз – игі істер күні» болып келеді. Бүгінгі таңда көмекке мұқтаж адамдарға жақсы істер жасау өте маңызды,– дейді кітапханашылар.
Олар өмірлік қиын жағдайға тап болған және Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығынан баспана тапқан жалғыз басты және балалары бар әйелдерге қайырымдылық ретінде - кітаптар, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, гигиена құралдары таратылды. Ал балаларға кітаптар, сурет салуға арналған альбомдар, дәптерлер табысталды.