Павлодарда 26 сәуірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Тұрғындар арзан бағамен ет, көкөніс және тағы басқа өнімдерді сатып ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «109» бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы: сиыр еті – 2300 теңге/кг, жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг, қой еті – 1900-2100 теңге/кг, шошқа еті – 1800-2000 теңге/кг, 1 категориялы жұмыртқа – 420 теңге/ондық, шикі сүт – 250 теңге/литр, бал – 2000-2500 теңге/кг, картоп – 110/120 теңге/кг, сәбіз – 95 теңге/кг.
Айта кетейік, осындай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз қаласында («Народный»), Ақсу қаласында («Saryarqa» фермерлік базары), сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.
Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).