Павлодарлық майдангер қаза тапқан жердің топырағы салынған капсула немересіне тапсырылды

Павлодарлық майдангер қаза тапқан жердің топырағы  салынған капсула немересіне тапсырылды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Майданда қаза тапқан батыр Ресейде жерленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәскеу маңындағы Панфиловшы батырлардың ерлігін еске алу күні аясында № 14 мектептің жауынгерлік даңқ мұражайында қызыл әскер жауынгері Айтқалы Молдыбаевтың құрметіне батылдық сабағы өтті. Іс-шараға 9-сынып оқушылары, «Панфиловшылар» іздеу жасағының мүшелері, Қызыл әскер жауынгерінің немерелері мен шөберелері қатысты.

Аққулы ауданының тумасы Ұлы Отан соғысында қаза тауып, бауырлас қабірге жерленген. Жауынгердің сүйегі Ресей Федерациясының Белевский ауданында, Громоздкий ауылында табылды. «Панфиловшылар» іздестіру отряды Белевский ауданда жерленген жерден алынған топырақты Павлодар қаласына жеткізді. 

– Оқушылар Ұлы Отан соғысының тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдете алады. Іс-шара материалдық және рухани құндылықтарды сақтауға, өскелең ұрпақтың жеке басының қадір-қасиетін дамытуға ықпал етеді, – дейді №14 мектеп директорының орынбасары Гүлнар Киргеева.

Айта кету керек, мектептегі жауынгерлік даңқ мұражайы 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай құрылған. Қор жыл сайын экспонаттармен толықтырылып отырады.