Павлодарлық музейде Отан қорғаушылар күні атап өтілді
Шараға қаланың әскери бөлімшелері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Отан қорғаушылар күніне орай Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы «Ел ертеңі-бүгінгі ұлттық ұландар» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл мерекелік шараға 6679 әскери бөлімнің сарбаздары мен шекара қорғаушылар шебінде жүрген жауынгерлер қатысты.
Облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Азат Ілясұлы, ақын Шолпан Байғалықызы, облыстық «Сарыарқа газетінің» бас редакторы Нұрбол Жайықбаев ер мінезді азаматтарға, жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін, өз Отанын сүйетін, елін қорғай білетін азаматтарымыз көп болсын деген игі лебіздерін білдірді.
Шара соңында әндер орындалып, 6679 бөлімнің сарбаздары өз өлеңдерін тарту етті.