Павлодарлықтардың ең үздік фотолары билбордтарға ілінеді

Павлодарлықтардың ең үздік фотолары билбордтарға ілінеді

Қала күніне орай тұрғындар фотосуреттер байқауына қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінде «Менің сүйікті қалам» атты қалалық фотосуреттер байқауы жарияланғаны туралы хабарлады.

– Фотоконкурсқа ұсынылған фотожұмыстар конкурсқа қойылатын талаптарға қатаң сәйкес келуі тиіс. Конкурсқа қатысушыға тиесілі емес, Интернет желісінен жүктелген суреттерді пайдалануға тыйым салынады, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, фотосуреттердің өлшемі – 1920x1080 төмен емес, жоғары сапалы 1080p Full HD болуы  қажет.

Конкурсқа өтінімдерді 12 шілдеден бастап қабылдайды. Кәсіби және әуесқой фотографтар өтінімді kense.ovp.ap@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет.  

Жеңімпаздардың суреттері қаладағы билбордарға орналастырылады. 

  • Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіледі:
  • «Менің сүйікті қалам» (қаланың тарихи орындары, күндізгі немесе түнгі уақыттағы қаланың көрікті жерлері);
  • «Стрит фото» (қоғамдық орындарда түсірілген фотосурет);
  • «Ертіс пейзаждары» (пейзаждар, флора және фауна бейнеленген жұмыстар; күндізгі немесе түнгі уақытта түсірілген).

Фотосуреттерді жақсарту мақсатында түстерді, контрасты, айқындылықты, қиюды фоторедакторда өңдеуге болады.

Байқау қорытындылары 18 шілде күні @ovp_pavlodar Instagram аккаунтында  жарияланады.

Фото: Константин Шелков