Павлодарлық оқытушы ерекше тренинг ұйымдастырды
Бұл тренинг психология ғылымы бойынша өтті, деп хабарлайды @pavlodarnews.kz тілшісі.
Марғұлан университетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, педагогика жоғары мектебінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-деканы, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы Арай Рахимжанова оқытушылар мен студенттерге арналған «Жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы» тақырыбында тренинг өткізді.
– Семинар барысында жеке тұлғаның дамуы, әрбір іске бейімделуі, ортаға әсер ететін ішкі-сыртқы факторлар, өзін- өзі дамыту, саралау мәселелері айтылды. Адам қандай да бір жетістікке жету үшін өз-өзіне жиі есеп беріп отыруы керек. Міне, осы қағидалардың барлығын теория мен практика жүзінде ұштастырып көрсеттік. Мұндай тренингтер әсіресе студенттер үшін керек, себебі олар ортаға шығып, өз ойларын ашық жеткізуге дағдыланады, – деді Арай Бейсембайқызы.
Шеберлік сыныбына қытысушылар теориялық білім алып қана қоймай, алған ақпаратты іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.