Павлодарлық студент аймақаралық кәсіби шеберлік байқауында үздік атанды

Павлодарлық студент аймақаралық кәсіби шеберлік байқауында үздік атанды
Фото: Константин Шелков

Жарыста Ресей Федерациясынан да қатысушылар болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Покровка ауылындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі базасында «Агрономия» құзыреті бойынша аймақаралық «AgroSkills – 2024» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Іс-шара ауылшаруашылығы мамандарын сапалы дайындауға, жұмысшы мамандығынының мәртебесін арттыруға, кәсіби  құзыреттіліктерін шыңдауға бағытталған. Бес модульден тұратын байқауда қатысушылар ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану жолдарынан бақ сынасуда.

Павлодар облысының абыройын «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің «Агрономия» мамандығының екінші курс студенттері Даниил Терещенко мен Ольга Боброва қорғады.

Студенттер байқаудың барлық кезеңдерiнде қойылған мiндеттердi үздiк орындап, жақсы бiлiм мен тамаша нәтижелер көрсете алды. Жарыс қорытындысы бойынша, Даниил Терещенко үшінші орынға ие болды.

Аталмыш конкурс BabySkills, JuniorSkills, Abylimpics, AgroSkills және WorldSkills сияқты бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. 

Айта кетейік, бұл бағыттар 2022 жылдан бастап өңірлік конкурсқа енгізілген.