Екібастұзда тілге шешен ұстаз ақшалай марапат алды
Турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған педагогтар шешендік шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астана қаласының білім басқармасы, «Debat Eli» қоғамдық қоры және әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған мұғалімдер арасында «Ұстаз – ұлт жанашыры» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің жарқын қатысушыларының бірі «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің педагогы, балалар арасындағы дебат қозғалысының үйлестірушісі Елемес Сланбек болды. Ол өзінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің арқасында қазақ лигасында астаналық ұстазбен бірінші орынға ие болып, 150 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды.
Ал орыс лигасында Қостанай мен Астана ұстаздары бірінші орынды бөліп алды.