Павлодарлық түлектер педагогикалық олимпиадаға қатысып, грант иегері атана алады

Павлодарлық түлектер педагогикалық олимпиадаға қатысып, грант иегері атана алады
Фото Константин Шелков

Білімділер байқауын Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұйымдастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Х облыстық олимпиаданың нәтижесі бойынша түлектер 6 гранттың біреуінің иегері болуға және оқуға жеңілдік алуға мүмкіндігі бар. 

- Олимпиадаға биылғы мектеп түлектері қатыса алады. Онда ҰБТ-ның бейіндік пәндері биология, география болуы тиіс, - делінген хабарламада. 

Байқауға қатысуға ниет білдіргендер 1-12 сәуір аралығында priem_kom_517@mail.ru электрондық поштаға «Мен ППУ грантының иегері болуға лайықпын» бейнеролигін жіберу қажет. Видеоға қойылатын талаптарды ppu.edu.kz ППУ сайтынан көруге болады.

Айта кетелік, гранттар «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларына бөлінеді.

Олимпиаданың 2 кезеңі сәуір айында ППУ-да өтеді.

Бұдан бөлек, информатик пәні бойынша да олимпиада өтеді. Оның іріктеу кезеңі 12 сәуірде онлайн форматта өткізілсе, II кезең 17 сәуірде университетте болады. 

Жеңімпаздарды білім гранты күтуде.