Павлодарлық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді

Павлодарлық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты сегіз аптаны құрайды. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

Екінші тоқсанда оқу уақыты сегіз аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы жеті күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал, 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы сегіз оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.