Павлодарлық волейболшылар құрлықтық біріншілікке жолдама алды

Павлодарлық волейболшылар құрлықтық біріншілікке жолдама алды
Фото: pixabay.com

«Pavlodar» ел Суперкубогінің иегері атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда басталған Ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында алаң қожайындары Петропавлдың «Есілімен» кездесті. Бұл матч ел Суперкубогінің иегерін де анықтады.

Қазақстан Кубогінің финалындағыдай, қос қарсылас аса тартысты ойын көрсетті. Алғашқы екі партияда павлодарлықтар жеңсе, ендігі екеуінде – қызылжарлықтар жеңді. Матч тағдыры тағы да тай-брейкте ғана шешілді. Онда «Pavlodar» мінез танытып, 15-12 есебімен ойынды өз пайдасына шеше білді. 

Осылайша, павлодарлықтар Азияның клубтық чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болды. 2023 жылы бұл турнирде ел атынан «Атырау» ойнаған еді. Ол оныншы орында тұрақтады.

Ұлттық лига матчтары Павлодарда жалғасуда. Бүгін «Баянтау» СК екінші тур матчтары өтеді. Сағат 10:00-де «Буревестник» - «Атырау», 12:30-да «Есіл СК» - «Жайық», 15:00-де «Жетісу-Жастар» - «Ұшқын-Көкшетау», ал 17:30-да «Тараз» бен «Ақтөбе» кездеседі.

«Pavlodar» 12 қарашада «Буревестникпен» ойнайды. Матч 17:30-да басталады. Ел чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. Ойындарды Қазақстан волейбол федерациясының Youtube-арнасынан да көруге болады.