Павлодарда қала күніне орай ұлттық ат спорт турнирі өтеді

Павлодарда қала күніне орай ұлттық ат спорт турнирі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мерекелік шара «Құлагер» ипподрамында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

19 шілде сағат 09:00-де «Құлагер» ипподромында ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Павлодарлықтарды дәстүрлі қашықтықтарда таза қанды жылқылардың бәйгесі күтуде: Аламан бәйге – 20 км; Топ бәйге – 12 км; Құнан бәйге – 8 км. Жалпы жүлде қоры 8 миллион теңгені құрайды.

– Іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, садақ ату, футбол ойындары өтетін болады. Сонымен қатар ұлттық және қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Барлық қонақтар үшін тегін тамақ: дәмді палау және бауырсақтар таратылады. Сіздерді қанық бағдарлама, спорттық толқу және нағыз мерекелік атмосфера күтеді, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде.

Көрермендер арасында тұрмыстық техника және бағалы сыйлықтар ұтысы өтеді. Азық-түлік орындары да жұмыс істейді. Кіру тегін.

Жарысқа қатысуға тіркеу 19 шілде күні «Құлагер» атшабарында сағат 7:00-ден 8:30-ға дейін өтеді. Тіркелуге жауапты: +7 (705) 986-44-04 (Жанат Рахметоллаев).