Павлодарлық жазушы тарихи жетістігі туралы әңгімеледі

Павлодарлық жазушы тарихи жетістігі туралы әңгімеледі
Фото: автор

Белгілі қаламгер Ғалымбек Жұматов – «Ертөстік» әдеби сыйлығына ие болған Павлодар облысындағы тұңғыш адам, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматыда «Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі» 2025 әдеби жыл қорытындылары шығарылды. Осы салтанатқа Ғалымбек Жұматов Қазақстан Жазушылар одағынан арнайы шақырту алып, сол іс-шара кезінде аталмыш жүлденің иегері атанды. Бұл марапатқа Павлодар облысынан алғаш рет ие болған қаламгер ретінде ол өңір әдебиеті үшін маңызды жетістікке қол жеткізді.

«Ertis» телеарнасына берген сұхбатында жазушы бұл сыйлықтың маңызы мен аймақтағы әдебиеттің қазіргі жай-күйі туралы ой бөлісті.

— Бұл сыйлық – тек менің емес, жалпы Павлодар өңіріндегі балалар әдебиетінің дамуына берілген баға. Қазір бізде жас авторлар көбейіп келеді, ең бастысы – соларға қолдау көрсету, – деді Ғалымбек Жұматов. - «Ертөстік» әдеби сыйлығы лайық деп табылған Қазақстан Жазушылар одағы мүшелері мен шет ел жазушыларының озық шығармаларына және әдебиетті насихаттаудағы, өркендетудегі еңбектері үшін белгілі қаламгерлерге беріледі.

Ғалымбек Жұматов – 30-ға жуық кітаптың авторы. Автордың 1984 жылы «Трактор қалай жасалады?» атты кітабы 250 мыңдық таралыммен шығарылды. 2025 жылы Ғалымбек Жұматовтың Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ленинград: от пен мұз» романы жарық көрді.