Павлодарлықтарды сәуір айында қандай спектакльдер күтуде?

Павлодарлықтарды сәуір айында қандай спектакльдер күтуде?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүсіпбек Аймауытов театры келер айдың қойылымдар тізімін жария етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қазақ музыка-драма театры баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айында театр әртістері 12 спектакль көрсетілімін жоспарлауда:

  • 2 сәуір – «Қымбатты Елена Сергеевна», драма, авторы Людмила Разумовская;
  • 4 сәуір – «Венециялық егіздер», комедия, авторы Карло Гольдони;
  • 6 сәуір – «Жәмила», драма, авторы Шыңғыс Айтматов;
  • 10 сәуір – «Ричард ІІІ», трагифарс, авторы Уильям Шекспир;
  • 12 сәуір – «Болмаған оқиға», драма, авторы Мария Ладо;
  • 14 сәуір – «Сезім үшін», ғашықтар күніне орайластырылған лирикалық кеш;
  • 17 сәуір – «Күзгі махаббат», сатиралық комедия, авторы Надежда Птушкина;
  • 19 сәуір – «Ұждан», әфсана, авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы;
  • 23 сәуір – «Кербұғы», пластикалық драма, авторы Оралхан Бөкей;
  • 24 сәуір – «Қожа мен спорт», ертегі, авторы Оспанхан Әубәкіров;
  • 25 сәуір – «Кездесу мен қоштасу», психологиялық драма, авторы Александр Володин;
  • 27 сәуір – «Күзгі оқиға», трагикомедия, авторы Николаи Альдо.