Павлодарлықтар маусым айын «Ertis Promenade»-ғы концертпен шығарып салады

Павлодарлықтар маусым айын «Ertis Promenade»-ғы концертпен шығарып салады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аптаның соңына дейін бірнеше іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, 25 маусымда «Ertis Promenade» сахнасында әр түрлі форматтағы жаттығулар сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін өткізіледі. 

Ал 26 маусымда сағат 20:00-ден 21:00-ге 55 жастан асқан тұрғындар үшін «Белсенділік биі» атты жаттығулар болады. 

27 маусымда Шарбақты ауданының шығармашылық ұжымдары келіп, сахнада өнер көрсетеді. Бағадарлама сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Кейін 21:00-ге дейін сахнада Қазақстан полициясы күніне орай мерекеге ұласады.

28 маусымда сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жыл сайын өткізілетін «DESPORT RUNNERS» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. 

Кешкі 18:30-да «ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі өтеді. Ал отыз минуттан кейін «Қорлан» жетіген ансамблінің мерейтойлық концерті басталады. Іс-шаралардан кейін 20:30-да дискотека болады. 

29 маусым күні сағат 19:00-де «ERTIS DAUYSY» атты вокалдық байқауының ашылу концерті өткізіледі.