Павлодарлықтар демалыс күндері қандай шаралар күтеді?

Павлодарлықтар демалыс күндері қандай шаралар күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі шаралардың тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

28 маусымда сағат 19:00-де «Ertis promenade» сахнасында Ақсу қаласының шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. 

29 маусымда 09:00-нан 14:00-ге дейін «Desport runners» жүгіру марафоны өтеді. Ал кешкі сағат 19:00-де Ш. Айманов фильмдерінің саундтректеріне арналған симфониялық оркестрдің концерті басталады. 

30 маусымда сағат 10:00-нан 11:00-ге дейін «BeStretch.Kz» таңғы жаттығулары болады. Ал кешкі сағат 19:00-ге «El Paso» би студиясының шеберлік сабағы өтеді.