Павлодарда әйгілі итальяндық хит әндер шырқалады

Павлодарда әйгілі итальяндық хит әндер шырқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Концертті жергілікті филармония солистері ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның мәліметінше, 26 қаңтарда кешкі сағат 19:00-де «MUSICA VITA MIA» концерті өтеді. 

Концерттік бағдарламада әлемге әйгілі болған және поп-музыка тарихына мәңгілік енген итальяндық орындаушылардың 80-жылдары Санремо фестивалінде алғаш рет орындалған әйгілі хиттері, сондай-ақ итальяндық музыканың классикасына айналған шығармалары орындалады.

– Бағдарламада итальяндық әртістер –Адриано Челентано, Тото Кутуньо, Аль Бано және Ромина Пауэр, Газебо, Рикки және Поверидің әндері бар. Сіздерді жанды дыбыс, жарқын визуалды, әрі ерекше жарықтандыру шоуы, нағыз мерекелік атмосфера күтетін болады,– деді ұйымдастырушылар.

Концерттің билеттерін Тикетон немесе филармонияның кассасынан сатып алуға болады.